ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

«ТАЗА ТАБИҒАТ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

20:53, 4 мамыр 2021

Жітіқарада «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы қаланы көгалдандыру бойынша акция өткізді. Игі іс-шараға өндіріс ұжымы мен ардагерлер және қала әкімдігі де белсене атсалысты. Толығырақ келесі материалымызда.

Бірлік күні қарсаңында «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамының ұжымы қаланы көгалдандыру жұмыстарына бір адамдай ат салысты. Басшылықтан бастап, өнеркәсіп қызметкерлері  қолдарына кетпен, тырмаларын алып, жас көшеттерді отырғызу жұмыстарына білек сыбана кірісті.

Өнеркәсіпшілер бұл күні  480 тал, 150 шегіршін, 250 қарақат бұтағы, 200 қараған және 1300-дей ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, «Таза табиғат» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында алдағы 5 жылда  10 мың ағаш отырғызу міндетін қойып отыр.

Қаланы көгалдандыру, ағаш отырғызу, түрлі тазалық іс-шаралары жүйелі түрде жүретін жұмыс екендігін айтады акция қатысушылары.  Енді, өнеркәсіп және қала басшылығы бірлесіп, «жасыл белбеу» жобасын жүзеге асыруды қолға алмақшы.
 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:25, 5 мамыр 2021
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
20:23, 5 мамыр 2021
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:25, 5 мамыр 2021
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...