ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ТАСҚЫННАН ТӨНЕР ҚАУІП ЖОҚ

20:41, 15 сәуір 2021

Су тасқынының белсенді кезеңі жыл сайын сәуір айының ортасында күтіледі. Синоптиктер болжағандай, өткен аптадан бері сынап бағанасы нөлден жоғары көтеріліп, күн жылынды. Демек, енді қар суының қарқыны артады. Осыған байланысты аудандарда жауапты сала өкілдері тиісті аумақтардағы су арналары мен арықтарды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Мысалы, Меңдіқара ауданында су тасқының қауіпі жойылған.

Су тасқыны кезінде болуы ықтимал төтенше жағдайларға Меңдіқара ауданының даярлығы қандай? Көктемгі науқанға орай нендей іс-шаралар өткізілуде? Бұл сұрақтарға сала мамандары тарапынан жауап берілді. Қазіргі таңда жергілікті атқару органдарының орындап жатқан міндеттері тиісті деңгейде.

Сала мамандарының айтуынша, биыл аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына 6,5 млн теңге қаражат бөлінген. Соның арқасында су тасқынының алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылған. Қарастырылған қаржы тиісті аумақтардың қарын шығаруға жұмсалған   

1 млн теңге көлеміндегі қаражат Первомай ауылдық округіне бөлініп, одан 3 мың текше метр қар шығарылды. Жалпы, аудан көлемінде қар суының нағыз таситын уақыты артта қалды. Дегенмен, күнделікті кезекшілік жұмыстары жүргізіледі. Сақтықта - қорлық жоқ, - дейді жауапты мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...