ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

20:22, 1 маусым 2020

Қостанайда ресми түрде суға шомылу маусымы басталды. Осыған байланысты, құтқарушылар күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті. Айтуларынша, Қостанай қаласында шомылуға рұқсат етілген 9 орын бар. Ал, таныс емес жерлердегі өзен-көлдерде шомылу қауіпті екенін ескертеді. Ережелерді елемегендерге еліміздің құқықбұзушылық кодексінің 364 бабына сәйкес әкімшілік жаза қарастырылған.

Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз.Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал.Осы орайда, төтенше жағда  департаменті оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін мықтап дайындалуда.Шомылу маусымында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
 

Белгілерді де, ескертулерді де алайда көптің бәрі құлағына іле бермейді. Бірі түсіністікпен қараса, екіншілері «өзім білемге» салады. Кәмелет жасқа толмаған балалар да үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға келеді. Салдарынан, маусым басталмай жатып, бір жеткіншек тілсіз жаудың құрбаны болған.
 

112 қызметі кезекті рет ескертеді! Шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар! Былтыр облыста оннан астам адам тілсіз жаудың құрбаны болды.  Олардың жартысына жуығы ішімдіктің салдарынан ажал құшқан. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...