ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:41, 2 сәуір 2021

Өзен-көлдерде жиналған көп мөлшердегі су жергілікті тұрғындарға және әлеуметтік инфрақұрылымға да үлкен қауіп төндіреді. Осы орайда, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Су тасқынының салдарынан жол инфрақұрылымының бұзылуын болдырмау үшін,қазіргі таңда маңызды жолардың манын қардан,мұздан тазарту жұмыстары жүргізлуде. Бүгінде облыстың жолдарында 2773 су өткізетін құбыр бар. Олардың 97 пайызы қар мен қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп, су тасу қауіпі бар аймақтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1 млн 200 мың текше метр қар арнайы полигонға шығарылды.
Қалыптасқан гидрометерологиялық жағдайларды ескере отыра, 2016-2017-ші жылдардағы көктемгі су тасқыны сценариінің қайталану ықтималдығы бар. Әсіресе, Қарасу, Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл,Сарыкөл,Әулиекөл, Жітіқара, Бейімбет Майлин ауданында және Қостанай қаласының шетін топан су басу қауіпі бар.
Бүгінде өңірде 95 елді-мекенді су басу қауіпі бар. Бұл ауыл-аймақтарда қазіргі таңда адам мен үй жануарларының санағы жүргізілуде. Себебі, шұғыл жағдай туындай қалса, эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үлкен су қомайларын күнделіткі бақылауда ұстауда. Қазіргі таңда Жоғары Тобыл су қоймасының 41 пайызы суға толған. Сондай-ақ, Қаратомар су қомайсы 61 пайызға, Желқуар 21 процентке толған. Әзірге, су тасқынынан келетін қауіп сейілген жоқ.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...