ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАСЫМ

20:38, 6 сәуір 2021

Қостанай облысында су тасып, жұртты әбігерге салған 2016-2017 жылғы жағдай қайталануы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы осындай болжам айтты. Сол жылғы тасқында өңірдегі жүзден астам үйді су басқан еді. Қазіргі тоң қабатының қалыңдығы мен ылғал мөлшері сондай қатер тудырып отыр. Тілші репортажы.

Бұл 2017 жылғы бейнекадрлар. Сол жылы өңірдегі 14 елді мекенді су шайып кетіп, бір мыңға жуық үй жануарлары мен құстары қырылып қалған еді. Жалпы шығын мөлшері 200 миллион теңгеге жетті. Биылда сондай табиғи апат туындауы мүмкін,-дейді мамандар.

Бұл ауданда апаттың алдын-алудағы тағы бір қиындық, өзен мұзын жаруға болмайды. Өйткені шекараға таяу орналасқандықтан, жарылғыш зат қолдануға тыйым салынған. Ал Приречный ауылының маңындағы өзен иірімі ең қауіпті тұс.

Ауданда табиғи апатқа қарсы тұратын жедел әрекет ету отряды құрылған. Арнайы техника, құрал-жабдықтармен жарақталған топ тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Тосын жағдайға жол бермеу үшін мұнда қазір барынша қам жасалып жатыр.

Айта кетелік, облыстың барлық аудандарында су тасқынының алдын-алуға және оның зардабын жоюға қаржы қоры құрылды. Бүгінде онда 800 миллион теңгеден астам ақша бар. Одан бөлек жеткілікті көлемде жанар-жағар май, инертті заттар мен қапшықтар дайындалған.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...