ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ШАРИҒАТ БОЙЫНША ЕКПЕ ЕГУГЕ РҰҚСАТ

20:12, 5 сәуір 2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы вакцина салдыруға шариғатта рұқсат берілгенін және екпе егу ауызы берік адамның оразасын бұзбайтынын түсіндірді. Осы орайда облыстық мешіт имамдары ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол табудың бірі – екпе қабылдау екенін айтады.

Вакцина – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерге қарсы, ағзаны жұқпалы аурулардан қорғауға және оның алдын алып, адамның иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Сол себепті, шариғатта адам өміріне төнген қауіптен сақтау үшін екпе салдыруға рұқсат берілген.

Облыста індетке қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Осы орайда намазхандар мен мешіт жамағатының екпені кез келген уақытта қабылдауына болады. Тіпті, аузы берік адамдар да салдыра алады. Терінің астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға екпе егу оразаны бұзбайды.

Қарындағы және бастағы терең жараны емдеу де оразаны бұзбайды. Себебі, дәрі ішке табиғи жол арқылы енуі тиіс. Ал ішке баратын жолдың тығыздығына және емделу барысында оның бітеліп қалуына байланысты жара арқылы дәрінің ішке жетуі екіталай  деп тұжырым жасайды имамдар.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...