ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

САЯЖАЙЛАРДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

20:45, 29 шілде 2021

Облыс көлеміндегі саяжайларда өрт оқиғасы жиі тіркелуде. Биылғы жылдың 6 айында олардың жалпы саны 16-ға жеткен. Тіркелген оқыс оқиғалардың себебін анықтау нәтижесінде өрттің шығуы саяжай иелерінің сақтық ережелерін ескермеуінен екені мәлім болды. Сол себепті, ТЖД қызметкерлері күн сайын саяжай қоғамдастығы өкілдеріне тілсіз жаудың алдын алуға арналған рейд шараларын ұйымдастырып келеді.

Әдетте, саяжайларда кісі қарасын күзге салым көп кезіктіресің. Бағбандар қауымы еткен еңбегінің нәтижесін көруге, еккен тұқымының жемісін теруге келеді. Сосын, келер жыл қамын жасап, бақшасын тазалап, сенбілік ұйымдастырып, қоқыс үйінділерін өртейді. Бұл тазалық шарасы жаз айларында да іске аса береді. Салдарынан өрт оқиғасы жиілеген.

Өртке қарсы қызмет өкілдерінің саяжайға келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанына жұрт түсіністікпен қарайды. Өйткені, оқыс оқиғаны болдырмау – ортақ мақсат. Сондықтан, міндеттелген ережелерді ескеріп, естен шығармау бірінші кезекте тұратын іс. 

Сала мамандарының айтуынша, өрт шығуына тұрғындардың өздері - басты себеп. Олар сенбілік жасаған кезде жанған қоқыс қалдықтарының түгелдей сөніп біткеніне әбден  көз жеткізбейді. Сол себепті, өрт сөндірушілер саяжайларға жиі барып, көпшілікке айтып келмейтін апаттың алдын алу амалдарын түсіндіріп жүр.

 

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...