ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

САЯСИ СЫНҒА САҚАДАЙ САЙ

09:00, 16 шілде 2021

Бұл науқанның жөні бөлек, жосығы ерек болғалы тұр. Бұрын-соңды мұндай өткізіліп көмеген еді. Ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды енді. Осы жаздың маңызды саяси оқиғасы шілденің 25-іне белгіленді. Сайлауға түсетін кандидат 25 жастан асқан, бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Жоғарғы білімінің болуы да маңызды. Сайлауына түсетін үміткерлерге қойылатын талап-шарттар осындай.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қостанай облысында ауыл әкіміне 160 кандидат өтініш берді. 9-шы шілдеде кешкі 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде сұхбат берген облыстық Сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева үміткерлерді тіркеу жұмысы туралы баяндады.

Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде 14-ші шілдедегі мәліметтерге сәйкес, кандидаттар саны 160-тан 147-ге кеміді. Түрлі себепетерге байланысты 12 үміткер саяси сынға түсе алмайтын болды. Олардың кейбіреулері қойылған талаптарға сай емес, кей кандидаттар тиісті құжаттарын толық тапсырмаған, енді біреулері өз еркімен сайлауға  қатысудан бас тартқан. 

Айта кетейік, үміткерлердің дені саяси партия атынан, 88 адам өзін-өзі ұсынды.  Кандидаттардың 130-ы ер, өзгесі әйел. Орташа жастары – 43. Ең жасы 27 жаста, ең үлкені 60-та. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаеваның айтуынша, олардың 114-і мемлекеттік қызметкер.

Тақырып бойынша материалдар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:43, 29 шілде 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...