ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ – ҚЫЗУ

09:15, 22 шілде 2021

Бейімбет Майлин ауданында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық қарқынды. Үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Сайлау комиссияларының өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаларымен таныстырды. Толығырақ.

Бұл Бейімбет Майлин ауданына қарасты Асенкритовское ауылдық округі. Бұл ауданда қазіргі таңда ауыл әкімдерін сайлауға арналған 5 учаскелік сайлау пунктері бекітілген. Сайлау процесстерін өткізу кезеңінде заңдылықты сақтау жөнінде аудандық сайлау комиссиясының өкілдері жергілікті тұрғындармен арнайы кездесіп, 10-шы маусымнан бері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуы мен азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру. Бұл – жергілікті сайлау комиссиясының басты міндеті. Қазіргі таңда ауданда 5  учаскелік сайлау комиссиясы тіркелген, олардың барлығы халық санына сәйкестендіріліп, биыл ашылып отыр. Әр учаскіде 252 адам бар. Маңызды саяси науқанды ойдағыдай өткізу мақсатында, аудандық сайлау комиссиясы жергілікті мемлекеттік органдармен  бірлесіп, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін оқытты.

Сондай-ақ, аудандағы  5 учаскелік комиссияның төрағалары мен хатшыларына көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы кезеңде ааудандық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылады.

Тақырып бойынша материалдар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:43, 29 шілде 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...