ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!

10:58, 24 қараша 2021

Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте маңызды. Жер жүзінде адам баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер өзара танысып-біліседі. Тәуелсіздіктің отыз жылында қазақ тілінің өрісі кеңейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің конституциялық құқықтарын айқындадық. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да қазақша қарым-қатынас жасауға ерекше мән беріліп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру міндеттелген. Осы бағыттағы тиісті іс-шаралар аудандарда рет-ретімен атқарылып келеді.

Науырзым ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кең. Оған айқын дәлел ретінде, жергілікті жұрттың қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануы мен қазақша сөйлеп үйренуге деген құлшынысын айтуға болады. Мемлекеттік тілдің мерейін мемлекеттік қызметкерлер де үстем етіп, үлгілі үрдісті үзбей, үнемі үгіттеп келеді.

Аудан бойынша 9 мемлекеттік мемеме және 8 ауылдық округте 88 мемлекеттік қызметкер ел мүддесі үшін еңбек етеді. Олар іс-қағаз жүргізуді былай қойғанда, байырғы қаймағы бұзылмаған қазақы қалыпты сапасын жоғалтпай сақтауға сүбелі үлес қосудан еш тайынбаған, ешқашан тайынбайды да.

Аудан аумағындағы мемлекеттік қызметкерлердің 95 проценті – қазақ. Олар өз ана тілінде емін-еркін сөйлеп қана қоймай, мемлекеттік тілді басқа этнос өкілдеріне де ұдайы насихаттайды. Өзге тілді өгейсітпейді, өз тілін құрметтейді. Осылайша, мемлекеттік тілдің тұғырын биікке көтеріп, елге деген шынайы сыйластықтың символын айқын аңғартады. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...