ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

20:38, 15 сәуір 2021

Облыста үкіметтік емес ұйымдардың саны жылдан жылға көбеюде. Бұл азаматтардың қоғамдық белсенділігінің артқандығының белгісі. Халық арасындағы осындай ынталы топтарға биыл да жауапкершілігі зор жұмыстар жүктеліп отыр. Мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызға ие жобалар жүзеге асырылмақ. Қоғамдық брлестіктердің азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған жоспары жайлы тілші материалында.

Облыстық ресурстық орталық бiрнеше жылдан берi Үкiмет жанынан құрылған үкiметтiк емес ұйымдарды қолдап келеді.Облыста  бүгінде  600-ден астам    үкіметтік  емес  ұйым  тіркелген.  Олардың  құрылымы, жұмыс бағыты әр түрлі болғанымен, мүдделері бір. Қоғамдық бірлестіктер көптеген өзекті мәселелерді шешуге қомақты үлес қосып жүр. Халық арасындағы осындай ынталы топтарға биыл да жауапкершілігі зор жұмыстар  жүктелуде. Жиында мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды қалыптастыруға тигізетін  ықпалы жайлы  сөз қозғалды. Және де билікпен бірігіп жұмыс істеу тетіктері талқыланды.

Ресурстық орталық еліміздің әлеуметтiк-экономикалық даму саясатын әзiрлеу мен оны iске асыруға жиi қатысады. Сондай-ақ, олар нормативтiк құқықтық актiлердi қоғамдық сараптамадан өткiзедi, адам құқықтарын қамтамасыз етуге белсендi түрде араласады. Былтырдың өзінде 300 ден астам бірлестікке салық сауаттылығы бойынша дәріс оқып, қолдау білдірген.

Облыстық ресурстық орталық мемлекеттік тапсырысты ойдағыдай орындап, әлеуметтік маңызды жобаларға жарияланған байқауларға белсене атсалысуда. Орталықтың алдағы 2 жылға жоспары ауқымды. Жалпы, мемлекеттiк саясатты iске асыру – ол қойылған мақсаттарға қол жеткiзудiң тұрғылықты және серпiндi процесi. Бұл iске мемлекеттiк билiктiң түрлi органдарымен қатар азаматтық қоғамның институттары да қатысуы – ортақ міндет деді жиналғандар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...