ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

20:42, 10 маусым 2021

9-шы және 16-шы маусым аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел алдын-алу шарасы жүріп жатыр. Осыған орай, қостанайлық полицейлер арнайы рейд өткізуде. Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында олар есепте тұрған 35 отбасыны аралады. Мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

Республикалық «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасына жергілікті учаскелік инспекторлармен бірге, ювенальды полиция қызметкерлері де ат салысты. Жанұядағы жанжал салдарынан орын алатын заңсыз оқиғалардың жолын кесу мақсатымен, олар берекесіз жанұяларды аралады.

Тәртіп сақшылары есепте тұрған жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасыларды тексерді. Рейдтік іс-шара барысында олардың шімдік ішу, санитарлық нормаларды сақтау, балаға күтім жасау жағдайлары толықтай бақылауға алынады. Сонымен қатар заңға қайшы әрекеттер үшін, қолданылатын жауапкершілікті де түсіндіреді.

Жанұядағы жолдасының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағандар үшін облыс орталығында Дағдарыс орталығы қызмет істейді. Ол жерде тұрғындар психологиялық және заңды кеңес алу көмегіне ие бола алады. Полицейлердің айтуынша, қазір орталықты 30-дан астам адам паналауда.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...