
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өз¬герістерді бүкіл халықтың талқы¬сына шығаруы – мұқым ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Бұл әр азаматтың жан дү¬ниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақ¬¬станды құрудың алғашқы қада¬мын референдумнан бас¬тау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі ма¬ңыз¬ды екенін айқындады. Бұған қатысты азаматтық альянс мүшелері де пікір білдіріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын әпеттеді.