ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

«QABILET ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

11:47, 13 қазан 2021

Қазан айының бірінен бастап 10-11 жастағы мектеп оқушылары қабілеттерін анықтау үшін ақысыз тест тапсыра алады. Биыл еліміздің барлық өңірлерінде оқушылар қабілетін ерте анықтауға бағытталған «Qabilet қызметі» жобасы басталды. Ол пилоттық режимде бүкіл ел бойынша іске қосылған. Бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы балалар қатыса алады. Келесі кезеңдерде жасөспірімдер қамтылады. Жоба Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында іске асырылуда, Оны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Елбасы Академиясы» ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен талантты жастарды олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру. Қызмет ақысыз негізде ұсынылады және әрбір оқушыға қолжетімді. Тестілеуден өткеннен кейін бала мамандық таңдауға көмектесетін маманның кәсіби кеңесін де алады. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі заманауи тәжірибеге негізделген үздік әлемдік тәжірибені қолдануды көздейді. Бүгінде Елбасы Академиясы Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында әдіскерлер мен психологтарды даярлау бойынша оқыту семинарларын өткізуде. Олар «Дарын» өңірлік орталықтары базасында қызмет көрсетеді. Қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 80-ге жуық маман оқытылды. Тесттерді әзірлеу және бейімдеу үшін психологиялық диагностика саласындағы сарапшылар тартылды.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
16:22, 26 қазан 2021
ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
16:20, 26 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...