ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙ БИІКТЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРДЫ

20:30, 9 маусым 2021

Қостанайлық полицей тұрғын үйдің бесінші қабатынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. Суицидтік жағдай туралы хабарлама түсе салысымен, түнгі кезекшілікте жүрген полиция қызметкері қасындағы әріптесі екеуі дереу оқиға орнына жеткен.

7 маусым күні сағат 23.05 шамасында Досжанов көшесіндегі тұрғын үйдің 5-ші қабаттағы терезесінен белгісіз бойжеткеннің секіргісі келетіні туралы «102» пультіне хабар келіп түседі. Жақын маңда жүрген автопатруль лезде оқиға орнына жетеді. Есікті ашып кіру мүмкін болмағандықтан, патруль кезекшілері қабырғалас пәтер арқылы ішке енбек болады.

Оқиғаны, алдымен, көрші тұрғындар байқаған. Олар тәртіп сақшылары жеткенше, қызды құтқармақ болуға талпынады. Алайда есікті аша алмаған. Ал полицей қызды құтқармақ болып, пәтерге кіргенде, үйдің ішінде жас азаматтың болғандығы анықталған.

Полицейдің айтуынша, бойжеткен жолдас жігітімен жанжалдасып қалған. Нығмет Үдербаев патрульдік полицияда 2012 жылдан бері қызмет етеді. Осы тәріздес түрлі жағдайда тез әрекет ету оның әдеттегі жұмысына айналған.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...