ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ

09:47, 23 қыркүйек 2021

«Парасаттылық сағаты». Осындай атаумен ел көлемінде адалдық акциясы жалғасып жатыр. Адалдық пен әділдікті әспеттейтін жоба аясында ізгі қасиеттерді адам бойына қалай дарыту керектігі талқыланды. Осы орайда облыс орталығында Міржақып Дулатовтың қазақ қоғамын дамыту жолындағы қайраткерлігі мен парасаттылығына арналған іс-шара өтті.

Сабақтың  мақсаты - жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және жас ұрпақтың парасаттылығы мен адалдығын қалыптастыру. Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы.

Іс - шара әңгімелесу  форматында өтті.  Адалдық  сөзіне әркімнің өз анықтамалары бар, біреу үшін бұл заңдарды сақтау, ал біреу бұл сөздің жауабына тереңірек қарайды. Спикерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам белсенділері болды.  Әңгіме барысында әркім өзі үшін адалдық пен әділеттілік нені білдіретінімен бөлісті. Сонымен қатар, неліктен бұл қасиеттер бірінші кезекте маңызды деген сұрақ талқыланды.

 Тыңдарман назарына қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірлік ұстанымдары туралы бейнеролик ұсынылды. Ол жас ұрпақты адал және құрметті, еңбекқор болуға, үнемі дамуға, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылуға шақырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара болашақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
16:22, 26 қазан 2021
ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
16:20, 26 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...