ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

ӨЗГЕ ЕЛДЕ ТІРКЕЛМЕГЕН КӨЛІКТЕР ӨЗ ЕЛІМІЗДЕ ТІРКЕЛУІ ТИІС

10:00, 9 қараша 2021

Шетелдік нөмір таққан көліктер Қазақстанда өз иесінің атына міндетті түрде тіркелу керек. Тиісті алым-салықтарын да төлу қажет. ҚР Ішкі істер министрлігі осындай шешім қабылдады. Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде ресейлік нөмірмен 210 мыңдай көлік жүр. Олардың 80 мыңы ешбір мемлекетте тіркелмеген. Жүргізушілер жақын арада көліктерін қазақстандық тіркеуге қоймаса, темір тұлпарлары орнын айып тұрағынан табатын болады.

Қазақстанда 80 мыңға жуық ресейлік көлік бар. Олардың ешқайсысы ешбір елде   тіркелмеген. Ал біздің азаматтар осы автокөліктерді сатып алған. Енді оны иемденгеннен кейін біздің заң бойынша көлігін азамат 10 күн аралығында өз атына тіркеуі керек. Себебі, еш жерде тіркелмеген көлікті жүргізуге тыйым салынады. Сондықтан жергілікті полиция қызметкерлері заңды түрде  тіркеуде жоқ көліктерді анықтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осылайша, екі күн аралығында Қостанайдағы айыппұл тұрағына 30-ға жуық көлік жеткізілді. Жүргізушілер саналы түрде тәртіп бұзушылыққа барады және көлік құралын заңсыз басқарады дегенді алға тартады полицейлер. Ресейлік автомобильді тіркеу үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына көлікті тіркеу ережесіне сай құжаттарды әзірлеп тапсыруы керек. Ереже барлық көлікке ортақ, яғни қазақстандық көлік болсын, ресейлік болсын - тіркеу ережесі жалпыға бірдей екенін ескертті тәртіп сақшылары.

Тақырып бойынша материалдар

КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12:19, 26 мамыр 2022
КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
12:18, 26 мамыр 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...