ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ 7,2 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙГЕН

10:38, 22 қазан 2021

Қостанай облысында өрт оқиғалары жиілеген. Биыл тіркелгені алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға көп. Барлығы 725 факті. Төтенше жағдайлар департаменті 9 айды қорытындылады. Тұрғындарға кезекті рет қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды ескертті. 9 айдың қорытындысы бойынша, биылғы жыл өңірдің өрт сөндірушілері үшін тынымсыз жыл болды. Жаз мезгіліндегі аптап ыстық ауа-райының әсерінен тілсіз жаудың дені орман алқаптарына тиесілі. Жеке секторлардағы өрттің үштен бір бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған. «Өрт қауіпсіздігі» айлығы шеңберінде құтқарушылар 11 мың үйді аралап, өрттің алдын алуға арналған 743 -тен астам жадынама таратқан. Ормандағы өрт оқиғаларының көбеюіне тек ауа-райы ғана емес, табиғат аясында демалушылардың да салғырттығы басты себеп болып отыр. Тек, орманды алқаптарда биыл осындай 12 факті тіркелген. Өрттің үштен бір бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыс мезгілінде жеке секторларда болатын өрттің көбі пешті, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болады. Бұл күндері осындай жағдайлардың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Өрт қауіпсіздігі қондырғыларын орнату жұмыстары да биыл жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...