ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ

16:17, 26 қазан 2021

Қазақстанның тауар сертификатын көбіне көп сырт мемлекеттер мойындамайды. Соның салдарынан органикалық өнім өндірушілердің дені тауарын экспортқа шығара алмай отыр. Ал, елде табиғи таза өнім шығарып, оның айналымын арттыруға әлеует жетерлік. Тек кедергі көп. Сенаттың жұмыс тобы органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы заңға түзету енгізді. Стандарттау, шаруаларды оқыту және инфрақұрылымды жақсарту сияқты 9 норма жаңарды. Егер құжат іс жүзіне айналса экспорт көлемін қазіргіден 100 есе арттыруға.

Органикалық өнімді еселеп өндіруге негізінен екі кедергі бар. Алғашқысы сырт ел біздің стандартты мойындамайды. Сондықтан экологиялық тауар шығаруға құлықтылар аз. Республикада бар-жоғы 60 тан асады. Олар жылына 17 млн АҚШ долларына дейін эко өнім сатады. Бұл мардымсыз көрсеткіш,-дейді мамандар. Елдегі жер-су ресурсын ескерсек 3 млрд доллар пайда табуға болады. Бірақ, алдымен ЕуроОдақ санасатын ұлттық стандартты бекітіп алу керек. 
Ал, екінші кедергі – озық технологияның тілін білмеу. Заң жобасында аграршыларды оқытуға қатысты норма қарастырылған. Сондай-ақ сенаторлар өнімді емес, өндіріс барысын сертификаттауды ұсынды. Бұған қоса шағын шаруа қожалықтары шығынданбас үшін сертификаттаудан топ болып, бірлесіп өтуге мүмкіндік берілген.

Қазіргі таңда органикалық өнім өндіру нарығында ұзақ мерзімді өсу тренді байқалады. Сондықтан бұл саланың даму мүмкіндігі өте жоғары деуге толық негіз бар.

Органикалық өнім өндіріп, айналымын арттыру – мемлекеттік бағдарламалардың бірегейі. Себебі, табиғи тауар – таза табыс көзі. Экологиялық өнім кемі 15 пайызға қымбат сатылады.

Алайда, ақшаға құныққандар айлаға басады. Енді, био, эко және органик атаулы тауарлар текскеріледі. Егер атына заты сай болмаса 200 мыңнан 590 мыңға дейін айыппұл салынады. Әлбетте сертификатты берген мекеменің беделіне нұқсан келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...