ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:13, 5 сәуір 2021

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық! Әулиекөл ауданында оңалту орталығы ашылды. Елбасының «Кедергісіз орта» қалыптастыру туралы тапсырмасына орай, аудан еріктілері осындай игі бастамаға мұрындық болды. Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жүйке-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға тұрмыстық және педагогикалық қызмет түрлерін көрсетумен айналысады.

Бұл – психоневрологиялық дертке шалдыққан мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға мына бөлмеде барлық жағдай жасалған. Орталықты осыдан бірнеше ай  бұрын Әулиекөл ауданының ерікті тұрғыны Кристина Юдакова ашқан. Дамыту орталығы барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 5 жасар Соня  орталықтың тұрақты оқушысы. Көптен күткен арман орындалды дейді оңалту орталығының басшысы. Жақында ауыл әкімінің көмегімен Соняға арнайы тірек-қимылды дамытатын веллатренажер сатып алынды.

Ал мына залда сауықтандыру шаралары білікті нұсқаушылардың кеңесімен жүргізіледі. Қозғалуы қиындар мұнда кәдімгідей екі аяққа тік тұрып, қан айналымы жүйесін ретке келтіреді. Еріктілер де мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге әбден машықтанған.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Десе де, осындай қамкөңіл балаларға қоғам тарапынан жасалып отырған қамқорлық ел болашағының қамы, мемлекеттіліктің белгісі. Жеткіншектерге сапалы әлеуметтік қызмет көрсетумен қатар, олардың еңсесін тіктеп, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауына жағдай жасап отырған орталықтың оңды істері шынында да мақтауға тұрарлық.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...