ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ОБЛЫСТА ЭПИДАХУАЛ КҮРТ НАШАРЛАДЫ

09:53, 13 қаңтар 2022

Қостанай облысында эпидахуал күрт нашарлады. Тек соңғы тәулікте ғана, короновирус жұқтырғандар саны 2 есеге көбейген. Аймақ басшысы қала және аудан әкімдерімен өткізген жиында осыған байланысты сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Басқосуда сол сияқты, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы атқарылған істер мен 2022 жылдың жоспары баяндалды. Баспана құрылысы жөнінен біздің өңір ел көлемінде үздік үштікті түйіндеп отыр. Толығырақ.

Жиынды ашқан облыс әкімі ең алдымен өңірдегі эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Өңірде алдыңғы тәулікте короновирус жұқтырғандар саны 39 адам болса, кеше олардың қатары екі есеге көбейіп 94 адамға бір-ақ жеткен. Вирус жұқтырғандардың көбі – Қостанай қаласында, одан кейінгі орындарда -  Рудный мен Қостанай ауданы тұр. Архимед Мұхамбетов сақтық шараларын қайтадан күшейтуді тапсырды.

Жиында сол сияқты «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Өткен жылмен салыстырғанда, өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артты деген мәлімет келтірді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 2020-шы жылы 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру аясында облыстың барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы аумағы 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл шамамен 4 мың пәтерге тең.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға 21,6 млрд қаражат бөлінді. Аталған қаржы бағдарламаның 3 бағыты бойынша игерілмек. Қазіргі таңда «Береке» және «Қонай» ықшам аудандарында құрылыс жұмыстары қарқынды. Алдағы уақытта мұнда жалпы ауданы 503 шаршы метрді құрайтын 102 көпқабатты үй бой көтермек.Ағымдағы жылы 13 млрд теңге төмендетілген несие және жалға берілетін 49 үйдің құрылысына бөлінді. 2022 жылдың соңына дейін «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру аясында облыстың барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы аумағы 495 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

Гүлжан Жеңіс, Манарбек Қосқолв, Қостанай телеарнасы

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...