ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ

12:48, 26 қазан 2021

Халық санғының аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазір интервьюерлер үй-үйді аралап, сауалнама жүргізуде. Бұл жұмысқа Қостанай облысы бойынша 1200-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Айта кетейік, дәстүрлімен қатар онлайн санақ та жалғаса береді. Оның мерзімі қазанның 30-на дейін ұзартылып отыр. Қазір электронды түрде санақтан өткендер саны 260 мыңға жуықтады.

Бұл Статистика департаменті. Мамандар таң сәріден қызу жұмысқа кірісті. Себебі мұнда халық санағынан өту үшін адамдар көптеп келуде. Солардың бірі- Қостанай қаласының тұрғыны Сатина Досова. Оның айтуынша, халық санағы ең алдымен ел тұрғындарының жасы, жынысы, ұлты, білімі бойынша нақты сандық және сапалық құрамын білу үшін қажет.
Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап береді.

Бүгінге дейін Қостанай облысы бойынша 706 мыңнан астам адам халық санағына қатысты. Олардың 447 мыңы  оффлайн, 260 мыңы онлайн түрінде өтті. Айта кетейік, екі кезеңнен тұратын Ұлттық халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Бұл тек статистика емес. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде халықтың отбасылық жағдайы, күнкөріс деңгейі де анықталатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...