
Трилингвизм немесе үш тілді жетік меңгеру – заман талабы. Өйткені қазір бәсекенің маңызы зор. Ал бәсекеде жетістікке жету үшін бірнеше тіл білу мүмкіндіктерге жол ашады. Осыған байланысты 1 ақпаннан бастап Қостанай облысының тұрғындарына тегін тіл курстары басталады. "Тілдарын" тіл орталығының оқытушылары сабақ қалай өтетіні және оқушылардың жаңа легін қабылдау қашан басталатыны туралы айтып берді.
Алина Нестеровская соңғы екі жылын шет ел тілдерін меңгеруге арнаған. Ол үшін бұл тек хобби ғана емес, сонымен бірге алға қойған мақсатқа тағы бір қадам. Ол ағылшын тілді елдерде гид болып жұмыс істегісі келеді. Жақында Алина облыс орталығында тілдерді үйрететін тегін курстардын ашылатынын естіді.
Қостанайлықтарға қазақ, ағылшын және басқа да тілдерді меңгеруге "Тілдарын"орталығы көмектеседі. Оқу процессі толығымен тегін, ең бастысы жігер,дейді мұғалімдер.
Облыста барлығы 20-ға жуық оқыту орталықтары бар. Олардың әрқайсысында үлкен білім беру жұмыстары жүргізілуде. Оқу кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда интерактивті тақталар, компьютерлер және әдеби құралдар да жеткілікті.