ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАР

11:07, 20 қыркүйек 2021

Лисаков қаласында жаңа теннис орталығы ашылды. Спорт нысанына өңір басшысының өзі барды. Архимед Мұхамбетов моноқалаға сапары барысында қоңыр темір кеңін өндірумен және өндеумен айналысатын кәсіпорынның жұмысымен де танысты. Сондай-ақ, Октябрь кентіндегі мәдениет үйін аралап, қаланың қысқы жылу маусымына дайындығын тексерді.

Облыс әкімінің Лисаков қаласына жұмыс сапары Октябрь кентіндегі мәдениет үйінен басталды. Мұнда биыл 191,4 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мәдени нысанға автономды жылыту жүйесін енгізілді. Сонымен қатар, су құбыры мен кәріс жүйесі жаңартылды.

Лисаков қаласына қарасты Октябрь кентінде қазіргі таңда жобаға кірмеген көшелерді жылу желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, екі блок-модулді қазандықты орнату бойынша жоба іске асырылуда. Оның  құны 686,4 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде 450 абонент жылуымен қамтамасыз етіледі.Бұл- Лисаков қаласындағы «Өркен» өндірістік кәсіпорыны. Мұнда жылына 3360 тонна қоңыр темір өнідіріледі. Ал темір кені концентратының көлемі 960 мың тоннаны құрайды.

Лисаков қаласы қысқы жылу маусымына дайын. Жергілікті мемлекеттік коммуналды кәсіпорынның ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 158 млн теңгеге шұңқырларды тазалауға арналған вакуумдық машина сатып алынды.Қалалық полиция бөлімінің фронт-кеңсесінің жұмысы бүгінде қызу жүруде. Мұнда келушілерге 2 маман қызмет көрсетеді. Ааматтарды қабылдау, кеңес беру маманы, көші-қон және әкімшілік полиция өкілдері қабылдау жүргізіп, осы жерде азаматардың құжаттары жинақталып, басқармадағы мамандарға жолданады.Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қалалық ауруханының жұмысымен де танысты. Жергілікті денсаулық сақтау нысанына жақында жаңа компьютерлік томограф  қондырығысы орнатылды.Бұл - жаңа теннис орталығы.Айналасы ат шаптырымдай алып спорт нысанының іргетасы 2020 жылдың басында қаланған.Заманауи талапқа сай жабық орталықта балғындар жыл он екі ай бойы теннис спортымен шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.Бүгінде теннис орталығында шұғылданатын балардың саны 28-ден 60 адамға артты. Спорт нысаның аралап шыққан өңір басшысы Лисаков қаласының әкіміне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
16:22, 26 қазан 2021
ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
16:20, 26 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...