ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

16:20, 26 қазан 2021

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазіргі уақытта терминал ғимаратында төбені, еденді және қабырғаны бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Жүк сақтау ғимаратында жаңа галереяның құрылысына орын дайындау үшін кеңейтімдер бөлшектелген, сонымен қатар ғимарат ішіндегі жылыту жүйесін орнату және галереяның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы іргелес аумақты абаттандыруды аяқтау жоспарлануда", — деп ақпарат берді Архимед Мұхамбетов. Жұмыстарға жұмсалатын қаржы көлемі – 911,4 млн теңге. Облыс әкімі негізгі жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырғанын айтады. "Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға әуежай қызметін қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетуді, сонымен қатар «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ басшылығына барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және жолаушыларға қызмет көрсету, әуе кемелерін қабылдау және жөнелту бойынша сапалы қызмет көрсетуді тапсырдым", — деп түйіндейді аймақ басшысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...