ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ БЛОКБЕКЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

17:24, 10 қаңтар 2022

Облыс әкімі аймақ аумағындағы блокбекеттерге барып, тәртіп сақшыларының жұмыс жағдайымен танысты. Өңір бойынша барлығы 14 бекет қойылды. Олардың барлығы қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған. 100-ден астам тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Қостанай облысында Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Елді мекендер арасындағы автобус қатынасы толық тоқтатылып, тек арнайы қызмет көліктері мен тауар тасымалдаушылардың қозғалысына рұқсат берілді. ТЖ кезінде блок-бекеттерде 6864 автокөлік тексерілді, оның ішінде облыс шекарасында – 1064, периметрі бойынша – 5800. Сондай-ақ, 10670 жеке тұлға тексерілді.

Бұл күндері облыс тұрғындары шектеулерге түсіністікпен қарап қана қоймай, тәртіп сақшыларына көмектесуге ниет білдіруде. Арнайы жасақ шаҺарға кіріп шыққан көліктерді жіті тексеріп жатыр. Жолаушылар мен жүргізушілерден жеке төлқұжат талап етіледі. Автомобильдерді тінту барысында, заңға бағынбаған жағдайда тәртіп сақшылары қару қолданатындарын айтып ескертуде.

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері заңсыз іс-әрекеттері үшін облыста 650-ден астам адам ұсталған. 220 адамға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Рейд барысында облыс әкімі қостанайлықтар бірлік, достық және инабаттылық сияқты қасиеттермен ерекшелетінін атап өтіп, облыс халқын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, заңсыз жиындарға шықпауға, ТЖ режимінінің барлық талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...