
Облыс әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері жалғасуда. Бұл жолы Архимед Мұхамбетов Денисов ауданына барды. Бірінші кезекте өңір басшысы жергілікті жұртшылықты өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, сұрақтарына жауап берді. Негізінен тұрғындар су құбыры, газдандыру мен жолдарды жөндеу секілді мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы олардың барлығын назарға алып, жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.