ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

НАУЫРЗЫМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

10:53, 23 қараша 2021

Науырзым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып келеді. Бұл туралы аудан әкімі ағымдағы жылдың 10 айын қорытындылау барысында мәлімдеді. Ауданның білім саласын жоғары деңгейде ұстап тұру, жол жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік нысандардың қатарын көбейту- басым екенін атап өтті Қайрат Әбішев.

Науырзым ауданында 18 білім беру ұйымы бар. Атап айтсақ, 7 балабақша және 10 мектете 1274 оқушы білім алуда. 2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы білім сапасы - бойынша аудан облыс көлемінде үздік үштікте тұр.

Ауданның Жамбыл, Шиелі, Дәмді және Раздольный ауылдарының мектептеріндегі кітапханалар жаңартылды. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 9 млн.412 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, аталған елді-мекендердің білім беру ұйымдарында мектеп асханаларына ыдыс-аяқ, тоңазытқыш секілді қажетті техникалар сатып алынды. Сонымен қатар, Науырзым ауданының дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді.

Күре жолдың маңызы қашан да жоғары. Биыл Науырзымда аудандық маңызы бар жолдар қалыпқа келтірілді. Жалпы аудан бойынша 511.6 шақырым жол бар. Оның 268 шақырым облыстық маңызы бар жол болса, 149 шақырымы аудандық. Сондай-ақ, 94.6 шақырым ауыл арасындағы ішкі жолдарға жатады.Ауылдарды абаттандыру жұмыстары да қарқынды. Ағымдағы жылы Қарамеңді ауылын көркейту мақсатында аудандық бюджеттен 57 млн 517 мың теңге бөлінді.Нәтижесінде, Абай көшесіне тротуар салынып, орталық алаңға Лэд экран орнатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың жөнделуімен қатар,ауыл көшелеріне жарық шамдар қойылып, бейнебақылау жүйелері орнатылды. Осы бағыттағы жұмыстар келер жылы да өзге ауылдарда жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...