ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУСІЗ ЖОБА

20:50, 29 шілде 2021

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кезекті "Тең қоғам" жобасы көмекке келді. Үміт-Надежда қоғамдық бірлестігі жобаны іске асыруға 2 ай бұрын кіріскен. Әлеуметтік қолдау орталығының мамандары мүгедек адамдарға түрлі қызметтер көрсетеді, тіпті оларға жұмыс табуға көмектеседі. Аталмыш орталықта өткен психологиялық тренингке біздің тілшілер де қатысып келді.

Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мақсаты  -  заңдық қызметтер, психологиялық көмек, жұмыс іздеуге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнайы құралдар мен заттарға тапсырыс беруге көмек көрсету. Мысалы бүгін психологиялық тренинг өтті. Әрбір қатысушы өзі туралы, қайда оқығаны немесе жұмыс істегені туралы айтып берді. Мақсаты, қатысушылардың барынша ашылуына жағдай жасау, бойындағы сенімділік пен батылдықты ояту.

Вадим Бурлаков 7 жыл бұрын болған апат салдарынан мүгедектер арбасына таңулы. Қазір оның жасы 36-да, жарақатына дейін автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер дүкенінде жұмыс істепті. Кейін   Вадим Үміт – Надежда қорында әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға жауапты болған. Қазір уақытша жұмыссыз, бірақ автокөліктерге құшатарлығы әлі  басылмаған.

Бұндай тренингтерді өткізу үшін өз ісінің шеберлері шақырылады. Жыл соңына дейін "тең қоғам" жобасы аясында 18 тренинг өткізу жоспарлануда. Орталық мамандары мұндай шаралармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, облыстың шалғай аудандарына сапарлар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер өткізеді. Басты мақсат-психологиялық көмек көрсету арқылы медициналық емес оңалту іс-шаралары есебінен мүмкіндігі шектеулі адамдардың тыныс-тіршілігін арттыру.

 

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...