ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ АРТАДЫ

09:45, 12 қазан 2021

Елімізде қолға алынған көптеген жобалар әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күн тәртібінен түспеген мәселе. Қазіргі таңда олардың жалпы саны облыс тұрғындарының 3 пайызын, яғни 27 мың адамды құрайды. Бүгінде кедергісіз орта қалыптастыру бағытында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары мәлім етті. Кембағал кісілер қашанда қоғам назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 3 пайызын осы топ өкілдері құрайды. Бұл, 27 мыңға жуық адам. Олардың 85 пайызы ересектер. 594-і ғана еңбекке қабілетті. Көмекке мұқтаж жандардың әл-ауқатын арттыруға биыл облыстық қазынадан 3 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Бүгінде облыстағы нысандардың 95%-ы яғни, 1200 ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді. Оңірде 28 мың мүмкіндігі шектеулі жан болса, соның 9 пайызы 1 ші топтағы мүгедектер, 44 –і 2- ші топтағы, қалғанын 3-ші топтағы мүгедектер құрайды. Қамкөңіл жандар арасында жеке ісін ашып, өз бетінше нәпақа тауып жатқандары да жетерлік. Тағдыр тауқыметін тартқан мүгедек жандардың мүддесін қорғау үшін мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Ерекше назарға іліккен аталмыш топ өкілдері қазіргі күні ел қатарлы еңбек етіп, жұрт қатарлы жалақы алып жүр. Келесі жылы жарымжанжандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек одан әрі арта түспек.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...