
Тобыл қаласында полицияның жаңа модульдік бекеті ашылды. Қала тұрғындары көп шоғырланатын орын ретінде бекет «Жаңару» саябағында орналасқан. Осы жерде жергілікті полиция қызметі халыққа етене жақын болып, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуды мақсат тұтуда. Айта кетейік, бұл нысан «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында бой көтерді.
Ел президентінің халықпен етене жақын болып қызмет ету қажет деген тапсырмасы аясында осындай модульдік бекеттерді ашу қолға алынған болатын. Бекетте полиция қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс жасайды. Бұл бейбіт тұрғындарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.Модульдік полиция бекеті 2 бөлмеден тұрады. Онда тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке арыз-шағымдары бойынша қабылдайды. Модульдік бекет барлық коммуналдық жайлылықтармен, коммуникация және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған.
Айта кетейік, Тобыл өңіріндегі алғашқы модульдік полиция бекетінің құрылысына 10 млн теңгеге жуық ақша жұмсалған. Қаржы Қостанай ауданының бюджетінен бөлінді.