ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

МЕРЕКЕНІҢ ЛОГОТИПІ МЕН ӘНҰРАНЫ ТАҢДАЛДЫ

20:48, 1 наурыз 2021

Қостанайлықтар Алғыс айту күнінің логотипі мен әнұранын ойлап тапты. Туындылардың авторы - мектеп оқушылары мен мұғалімдер. Бір айға созылған байқауда 100-ден астам еңбек сарапқа салынған. Қазылар алқасы жеңімпаздар есімін жариялап, оларды салтанатты түрде марапаттады. Үздік туындылар келешекте жергілікті ассамблеяның символына айналуы мүмкін.

Гүлнәз Бекееваның сыныптастарымен бірге жасаған туындысы байқауда үшінші орын иемденді. Оқушылар Алғыс айту күнінің логотипін күннің пішінінде бейнелепті.

Байқауда үздік атанған логотип осы. Оның авторы Қарабалық ауылының 7 сынып оқушысы. Туынды 92 өтініштің арасында дараланды. Ал «Үздік әуен» арнаудан бәйгеге түскендер саны төрт есе аз болды. Сол себепті бұл номинацияда жеңімпазды таңдау қиынға соқты.

Музыкалық сайыста Рудныйдан келген ұжым қазылар алқасының көңілінен шықты. Оқушылар мен мұғалімдерден құралған шығармашылық топ Алғыс айту күнінің әнұранын құрастырды.

Енді үздік шыққан туындылар жетілдіріліп, облыстық мәслихат арқылы   республикалық комиссияның қарауына жіберілмек. Еңбектер келешекте еліміздегі Алғыс айту күнінің символына айналуы мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК».  КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  АРТҚАН
20:08, 19 сәуір 2021
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК». КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕ...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
20:50, 16 сәуір 2021
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...