
Тобыл қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өтті. Жыл сайын ұйымдастырылған іс- шарада облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшылар өзара бақ сынасты. Өңірде бұндай спартакиада биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бәсекелестік жоғары деңгейде. Сайысқа 41 мемлекеттік орган, 1000- нан аса спортшы қатысты. Басты мақсат - салауатты өмір салтын қалыптастыру.