
Мемлекеттік органның қолжетімділігі. Ашықтық. Халықпен кері байланыстың болуы. Елде соңғы кезде жүргізілген реформалар мемлекеттік қызметшілердің рөлін арттырды. Бүгінде олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттің жүзеге асырылып жатқан саясатының жүргізушісі. 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қостанайда ант қабылдау рәсімі өтті. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар адал қызмет етуге серт берді.