ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

09:49, 16 қыркүйек 2021

Президент борты осыдан екі сағат 2 сағат бұрын Душанбе әуежайына қонып, қазақстандық делегацияны сол елдің премьер-министрі күтіп алды. Ұшақтан түскен бойда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл екі ел басшыларының биылдыққа алғашқы жүздесуі емес. Бұған дейін мамырда Президент Душанбеге ресми сапармен барған. Тараптар бұл жолы да өзара ынтымақтастық жайын талқылады. Былтыр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы пандемияға қарамастан 900 млн доллар болған. Енді ет, сүт өнімдері, бидай және ұн экспортын арттыру арқылы сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу жоспарда. Сондай-ақ қазақ-тәжік қатынасы барлық салада қарқынмен дамып келеді. Мәдени-гуманитарлық бағыттарда тығыз байланыс орнаған. Әсіресе, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өту керек. Екі ел терроризм және есірткі тасымалына қарсы күрес саласында да тығыз байланыста. Ал ертең және бүрсігүні Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысады. Әрі екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
16:22, 26 қазан 2021
ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
16:20, 26 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...