
Он екінші мамыр – медбикелер күні мерекесі. Үш ғасырдан артық тарихы бар мамандықты серік еткен денсаулық сақтау саласының өкілдері қашанда мейірбандығымен ерекшеленеді. Ем-доммен қатар, жүрек жылуын сыйлайтын ақ халатты абзал жандар ішінде мейірбикелердің мәртебесі бөлек. Олар өздерінің кәсіби мерекелерінде басшылық тарапынан және қарапайым тұрғындар атынан шексіз алғыс естіп, орасан зор құрмет-қошеметке бөленді