
Қиналған науқасты тек дәрімен ғана емес, жылы сөзбен де емдеу керек. Облыстық ауруханада жұмыс істейтін 444 мейірбикенің әрқайсысы осылай деп есептейді. Олардың әрбірі өз ісінің нағыз маманы, талай адамның алғысын алған жандар. Төл мерекелері қарсаңында олар да құрметке бөленді.