ШҰҒЫЛ! ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ РЕЙД ӨТКІЗДІ Толығырақ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

10:54, 24 қараша 2021

Пандемияға қарамастан облыстың негізгі салаларында өсім байқалады. Бұған ауылда мал шаруашылығын өркендетіп отырған кәсіпкерлер де үлкен үлес қосуда. Оның үстіне ел Президенті ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияның тоқтамайтынын, керісінше мемлекеттік қолдау жалғасатынын айтты. Бұны мәселен, Науырзым ауданының шаруалары ұтымды пайдаланып отыр.

Мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын Науырзым ауданының тұрғыны Мұратбек Қарымсақов жақсы біледі. Биыл да төрт түлікті көбейтіп, қысқы жем-шөбін молынан дайындап алды. Бұл іспен ұзақ жылдардан бері айналысады. Қыр-сырына әбден қаныққан. Мемлекеттен берілетін субсидияны ұқыпты жұмсап, жаңа технологияларды пайдаланған адамның кез келгені табысқа кенеле алады деп есептейді. Жаңа технология демекші, күн батареясын ауылда ол алғаш боп орнатқан. Енді байланыс та бар, жарықтан да қиындық жоқ. 

Егер заманауи техника болмаса, ауыл шаруашылығы саласы дамымайды. Бұл – анық дүние. Сондықтан Үкімет тиісті жұмыстарды жалғастыра бермек. Екіншіден, бұл техникалар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолжетімді болуы керек. Несиеге қатысты саясат та тоқтатылмайды. Несие мөлшерінің төмен болуына мемлекет басшысы баса мән беріп келеді. Осының нәтижесінде ауданда «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап 52 адам ауыл шаруашылығы саласында жеке кәсібін ашқан.

Осылайша, ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері салаға тың серпін берді. Науырзымдықтар оны тиімді пайдаланып, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
14:09, 15 тамыз 2022
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
14:08, 15 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
14:07, 15 тамыз 2022
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
14:42, 10 тамыз 2022
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
14:43, 10 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ  ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:45, 10 тамыз 2022
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...