ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

КҮЗГІ ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

11:38, 8 қазан 2021

Өңірде күзгі егін жинау науқаны қорытындыланды. Биылғы жауын-шашынның аз болуына қарамастан, агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың мәліметінше, маңызды науқанға 20 мыңнан астам трактор, 900 өнімділгі жоғары техникалар тартылған. Биыл қамбаға қанша астық құйылды? Толығырақ тілші материалында. Биыл дән себілген егінжайлардың алқабы 4 миллион 59 мың гектарды құрады. Оның 2 млн 930 мың гектар аумағынан астық жиналды. Жиналған 2 млн тоннадан астам астықтың бәрі дерлік сараптаудан өтіп, оның 96 пайызы жоғары сапалы деп танылды. Сондай-ақ, майлы дақылдар егістігі биыл 46 мың гектарға ұлғайтылып, 436 мың гектарды құрады. Майлы дақылдарды әзірге тек Әулиекөл, Наурызым, Жангелді аудандары жинаған. Диқандар биыл астық өндірісін әртараптандыруды да қолға алған дейді мамандар. Сондай-ақ, биыл 3238 гектар жерден 51 мың тоннадан астам картоп жиналды. Ал 690 гектар аумаққа егілген көкөністердің 11 мың тоннасы жиналған. Аталған өнімдер аймақтағы жалпы сыйымдылығы 80 мың тоннадан асатын көкөніс сақтау қоймасына жеткізілді. Топырақ құнарлығын арттыру, өндірістің озық технологиясын енгізу, тыңайтқыштарды пайдалану - мол өнімге кепіл екенін аймақ аграрийлері жақсы біледі. Сондықтан диқандар алқаптарды қопсытып, кешенді шараларды қолға алған.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
12:48, 26 қазан 2021
ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
11:09, 25 қазан 2021
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
11:07, 25 қазан 2021
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...