ШҰҒЫЛ! ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ РЕЙД ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

09:55, 13 қаңтар 2022

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ел дамуына бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді мақсат-міндеттер мен бағыт-бағдарды айқындап берді. Мемлекет басшысы қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарының жұмысын қайта құру қажеттігін атап өтті. Қостанайдағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы бұл уақтылы қолға алынып отыр деген пікірде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екендігін ашып айтты. Адамдарға алаңсыз жұмыс істеу­де, бейбіт өмір сүруде, тұрмыс сапасын жақсартуға қа­жетті қауіпсіздік пен тыныштықты қам­­тамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қор­­ғау­да алдымен қол ұшын беретін құ­ры­лым – ол, әрине, тәртіп сақшылары. Бұл орайда саланы оңтайландыруға атсалысу – маңызды міндет дейді сала мамандары.

Қазіргі таңда еліміз полиция қызметінің сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама ілгеріледі. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті. Аталған сервистік тәсіл нормативтік тұрғыдан бекітілуі тиіс. Негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, есеп беретін орган құру.

Құқық қор­ғау ор­ган­­дарының жұмысына терең және сапа­лы өзгерістер қажет екендігін уақыт­тың өзі талап етіп отыр. Қоғам құқық қор­ғау органдарының, ең алдымен, поли­ция жұмысының түбегейлі жақсаруына мүд­делі. Оның нақты жолын Мемлекет басшысы өзі көрсетіп берді. Ендігі мәселе – сапалы оңтайландыру бағдарламасын  әзірлеу.

Гүлжан Жеңіс, Олжас Есенжігітов, Қостанай телеарнасы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
14:09, 15 тамыз 2022
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
14:08, 15 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ БІРЕГЕЙ ЕМДЕУ ОРНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
14:07, 15 тамыз 2022
«ЕГІСТІК КҮНІ». ДИҚАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
14:42, 10 тамыз 2022
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
14:43, 10 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ  ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:45, 10 тамыз 2022
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...