ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕУГЕ АСЫҒАР ЕМЕС

20:23, 4 ақпан 2020

Еліміз бойынша 1-ші ақпаннан бастап шетелден әкелінген көліктерді тіркеу басталды. Бірақ, қостанайлықтар құжат рәсімдеуге ешбір асығар емес. Себебі, «Кедендік баж салығы мен утилизация алымы тым қымбат. Ол, тіпті, көлігіміздің бағасынан асып жығылады. Мұны біздің қалтамыз көтермейді», - дейді темір тұлпар иелері.

Қазақстанда ақпан айынан бастап шетелдік көліктерді уақытша тіркеу шаралары басталды. Машина егелері осы жылдың 1- наурызына дейін Армения, Ресей, Қырғызстан елдерінен әкелінген темір тұлпарларын заңдастырып үлгерулері тиіс. Осыған байланысты облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік нөмірлі көлік қожайындарына уақытша тіркеу шаралары түсіндірілуде.

Мамандардың айтуынша, шетелдік автокөліктерге арнайы сериялы және типтік нөмірлер беріліп, техникалық паспортқа көлікті тіркеу шарттары туралы сәйкес белгі қойылады. Барлық талаптар егжей-тегжейлі түсінідіргенімен, машинасын тіркеуге ешкім асығар емес. Темір тұлпар егелері құр кеңес алып қана кететін көрінеді. 4 күн аралығында  ескертуді тек тыңдаумен шектелген тұрғындар саны жүзге жеткен.     

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бір жылдан астам уақыт жүрген Армения, Қырғызстан, Ресей нөмірлі көліктер тіркеуден тыс қалады деп хабарланған болатын. Ол «бөтен» нөмірі бар көлік иелерінің арасында үлкен наразылық туғызды. Сондықтан да, осындай ортақ тәртіп орнатылып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...