ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ТАКСИ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

20:30, 3 шілде 2020

Такси бағасы екі есе өсті. Төтенше жағдай кезінде Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің жедел желі телефонына таксимен жолаушылар тасымалдау қызметтеріне баланысты 80-ге жуық шағым келіп түскен. Барлығының айтары бір.

Карантин кезінде такси қызметі қала тұрғындары үшін жалғыз қозғалыс құралы болды. Бұны білген  тасымалдаушылар бағаны әп сәтте аспанға көтерген. Бұрын орталықтан темір жол вокзалына дейін 500 теңгеге жетуге болатын болса, ТЖ кезінде  шамамен екі есеге өсті.Ал бұған жауапты мамандардың айтары қандай?

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлері үш тасымалдаушыға қатысты хабарлама шығарды. Яғни такси сити, народный және тарлан тасымалдаушы көлік ұйымдарына бағаны  қайта қалпына келтіруге тапсырма берілді.

Бағаны шаарықтатқандарға 10 тәулік көлемінде уақыт берілді. Алдағы уақытта қайтадан бағаның көтерілуі туралы факті анықталса тасымалдаушыларға такси қызметі түсімінің 3-5% көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САЛЫНДЫ
20:30, 7 тамыз 2020
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:30, 4 тамыз 2020
АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...