ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ҚҰБЫРЛАР ТЫҢ ТӘСІЛМЕН АЛМАСТЫРЫЛУДА

20:40, 29 шілде 2021

«Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорынының қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдеріне ескі құбырларды крансыз бұзу әдісімен ауыстыру технологиясын ұсынды. Олар тың тәсілдің қала тұрғындарына еш қолайсыздық тудырмайтынын және құбыр алмастыру аз ғана уақыт аралығында жүзеге асатындығын айтты.

Қазіргі таңда «Қостанай-Су» кәсіпорыны сумен жабдықтау жүйесінің 79 проценті әбден тозған. Осыған байланысты коммуналдық мекеме жыл сайын жүздеген шақырым су құбырларын жөндейді. Жұмыс көлемі өте үлкен және бұл процестер қала тұрғындарының игілігі үшін жүргізілсе де, көптеген келеңсіздік туғызады. Қазылған көшелер мен аулалар қозғалысты қиындатады әрі көріністі бұзады. Сондықтан, желілерді ауыстырудың жаңаша әдісі қолданысқа еніп отыр.

Тың технология тәртібі бойынша алдымен, жаңа құбыр дайындалады. Ол құрылым оңай бүгіліп, құдыққа шығуы үшін кішкене модульдерге кесіледі. Мамандардың мәліметі бойынша, бұл әдіс Қостанайда алғаш қолданылуда. Тұрғындар үшін басты артықшылығы, аулалар ешбір зардап шекпейді, сондықтан қайта абаттандыру туралы алаңдамауға болады.

Тың технология ескі шойын, керамика, асбест-цемент, цемент-құм құбырларын су жаңа полиэтиленге ауыстыруға жағдай жасап отыр. Айта кету керек, аталмыш әдіс алдағы уақытта облыс орталығы бойынша 38 мекен жайда жүзеге асатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...