ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНЕ ҚОНЫСТАНУШЫЛАР КӨП

11:04, 18 қараша 2021

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланып жатқан азаматтар көп. Олар құр Тобыл өңірінің тұрғындары атанып қана қоймай, еңбек нарығының сұранысын қанағаттандырып, жеке кәсіп ашып, өздерін жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. Әулиекөл ауданына жаңадан көшіп келген күнгейлік отбасы туралы толығырақ тілші бейнематериалында баяндалады.

Сафар Гасанов Әулиекөл ауданына Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы «Есік» қаласынан көшіп келген. Кісі қарасы көп, жұмыс орны тапшы болғандықтан, болашағын Тобыл өңірімен байланыстыруға бел буған. Бүгінде ауданда жұбайы екеуі өздерінің жеке кәсіптерін бастап отыр.
 Үкімет ұсынған қолдаудан тыс Гасановтар «Еңбек» бағдарламасы аясында бизнес саласына қадам басып отыр. Осы ретте жұбайы Ханум кәсіпкерлік негізін меңгеру курсын оқып, қайтарымсыз грантқа ие болып, тауық етін қақтауға арналған құрылғы сатып алған. Қазір шағын бизнестерінен қосымша табыс тауып отыр. Хош, жалпы жыдық жоспарға сай ауданға көшіп келушілер санының артқанын айтады жауапты мамандар.

 Теріскейге табан тірейтіндердің түпкі мақсаттары – жұмыспен қамтылып, тұрақты түрде табыс тауып, тұрмысын түзеп, өмір сапасын арттыру. Ол үшін барлық оң жағдайлар жасалып отыр өңірде. Демек, оңтүстіктен көш келеді, солтүстік оны қош көреді.

 

Тақырып бойынша материалдар

КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12:19, 26 мамыр 2022
КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
12:18, 26 мамыр 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...