ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

17:18, 29 мамыр 2020

Қостанай облысында COVID-19 сырқаттанудың 16 жағдайы анықталды. Бәрі де Жітіқара қаласында (2020 жылғы 28 мамырдағы мәліметі бойынша).

Коронавирустық инфекцияның сегіз жағдайы ПТР әдісімен бір отбасы мүшелерінде анықталды. Бұл тұлғалар Жітіқара қ. әр түрлі мекенжайда тұрады. Бұрын ауырып қалған пациентпен жақын байланысқан. Індет жұқтырғандар 1962 ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйелдер, 2002 жылғы қыз және 2005 жылғы оқушы қыз.

Сондай-ақ, сол күні коронавирустық инфекция 58 жастан 21 жасқа дейінгі 7 әйелде және 1 ер адамда расталды. Үшеуі профилактикалық тексеру кезінде, қалғандары індет жұқтырған пациенттермен жақын байланысқанның нәтижесінде анықталды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша бәрінде де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Пациенттер жұқпалы аурулар стацинарына жатқызылды.

Науқастармен байланысқан адамдар анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынды. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.

28.05.2020 жылдағы мәліметі бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 152 адам анықталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...