ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ӘУЕЖАЙЫНА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

15:36, 28 маусым 2022

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды. Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов аталған бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежай ұжымы көтергенін айтты. «Биылғы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында республикалық және облыстық жоспарлар бар. Бүгінде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.


Соның бір маңыздысы — Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешім. Бұл бастаманы көтерген — әуежайдың ұжымы. Одан бөлек осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді. Енді әділет органдарына құжат ресми тіркелгеннен кейін халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілетін болады», - деді басқарма басшысы. Ерлан Қалмақовтың айтуынша, Қостанай қаласында орналасқан бірнеше мектеп ұжымы оқу ордасына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынысын жасаған. Әзірге бұл бастамалар зерделенуде.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ  ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:45, 10 тамыз 2022
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 1400-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
14:43, 10 тамыз 2022
ПРЕЗИДЕНТ МИНИСТРЛІККЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
14:42, 10 тамыз 2022
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:47, 5 тамыз 2022
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ
12:47, 5 тамыз 2022
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАДЫ...
Толығырақ...