ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҚХА КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

09:24, 21 қазан 2021

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онлайн форматта болған жиында этнос аралық келісімді нығайту мен ассамблеяның жаңа міндеттері талқыланды. Нақты айтқанда Түркістан облысындағы өзекті мәселелер және аналар кеңесінің қызметі мен алдағы жоспарлары қарастырылды. Онлайн жиында алдымен Түркістан облысындағы этнос аралық ахуал сөз болды. Себебі 2 миллионнан астам тұрғыны бар өңірдің 25 пайызы өзге ұлт өкілдері. Яғни 50-ге тарта этностың 500 мыңға жуық өкілі тұрады. Қарабұлақ, Шорнақ ауылдарындағы жанжалдан кейінгі жағдайды реттеуге үкіметтік емес ұйымдар мен екі жақтың қариялары да ат салысқан. Екінші мәселе Түркістан облысында Достық үйін ашу керек. Бұл басқа өңірлерде бар. Мұндай нысан салтанатты мәжіліс залына айналмай, нақты проблемаларды талқылайтын орын болуы тиіс деді президент. Екінші, балаларымызды мамандық таңдауда ғылымға, педагогикаға, медицинаға, энергетикаға, ауылшаруашылығына, IT-технология салаларына бағыттау керек. Көп балалы аналар қолдау күтіп отырған отбасыларға көмектеседі. Балаларды қалай тәрбиелеу керек, оларды қадағалап, дұрыс жолға салу туралы пікірлерін білдіріп, кеңес айтады. Аналар кеңесі үлкен жұмыс атқарып отыр. Бірінші кезекте олар көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларын қолдайды. Тағы бір мәселе – балалардың интернетке тәуелділігі. Жиынға қатысушылар жасөспірімдердің ғаламторды дұрыс пайдалану жолдарын да ұсынды. Солардың бірі өңір тарихы туралы түсірілетін тик-ток жобасын президент қолдап, талантты балаларға демеу болу керегін айтты. Балаларға сапалы медиа-контент дайындау барысында "біздің батырлар" жобасын қолға алу мәселесі де ұсынылды. Мемлекет басшысы сөз соңында этникалық мәселеге де тоқталды. Оның айтуынша, әлемде ұлтаралық қатынастар әлі күнге дейін түрлі қақтығыстарға себеп болып отыр. Соны ескере отырып, ауылдық жерлер мен қалаларда этникалық аймақтардың қалыптасуының теріс тенденциясын жою керек. Президенттің сөзінше, ұлтаралық қақтығыстар арандатушылардың ісі. Ондай пиғылдағы адамдарға аяушылық та болмауы керек. Қазір бірқатар өңірде этникалық топ өкілдерінде көші-қон феномені байқалады. Бұл олардың қазақстандық қоғамға толық интеграциялануына кедергі келтіруі мүмкін. Бұндай маңызды мәселелерді ашық талқылауымыз керек деді мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...