ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛҒАН

20:11, 11 мамыр 2021

Өңірде кәсіпкерлер ақылы фитосертификаттар алуға заңсыз жіберілген. Заң жүзінде бұл құжаттарды алу – тегін. Орын алған олқылықтар үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының шенеуніктері әкімшілік жазаға тартылды.

Қостанай облысының прокуратурасы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау заңдылығының сақталуына тексеру жүргізіп, кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Шенеуніктер фитосертификаттарды беруден негізсіз бас тартып, заңсыз тексерулер жүргізген.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге фитосанитарлық сараптамадан заңсыз өтуге міндеттелген фактілер анықталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының басшысы фитосертификат пен ағаш материалдарын шығаруды талап етуді тапсырған бұйрық шығарды. Содан кейін оларға астық, ұн, жемістер, көкөністер қосылды. Нәтижесінде, 2020 жылдың өзінде жеке зертханада инспекция қызметкерлерінің жолдамасы бойынша 15 000-нан астам сараптама жүргізілді. Сондай-ақ, аймақ кәсіпкерлерінің арасында фитобақылаудан өту мәселелері туралы сауалнама жүргізілді, нәтижесінде бірде-бір шағым түспеген көрінеді.

Өңірдің жемқорлыққа қарсы департаментінің мамандары, өз кезегінде, егер аймақ прокуратурасы материалдарды ұсынса, олар Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті аумақтық инспекциясындағы лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына тексеру жүргізетінін атап өтті.
 

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...