ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ» ЖОБАСЫ ЖАС ТАЛАНТТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

10:26, 10 қыркүйек 2021

Мемлекет көлемінде телевизиялық нұсқада жүзеге асып жатқан мега жобалар жетерлік. Солардың бірі - «Қазақстан дауысы» атты вокалдық байқау. Жас таланттарға жол ашып, талабына қанат бітірген дүбірлі додадан жергілікті өнерпаздар да қалыс қалмаған. Биылғы маусымда бағын сынап көрген сайыс қатысушыларымен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Мирас Әбдікәрімов – Торғай өңірінің тумасы. Ұлылардың ұясына айналған құтты мекенде тегін адамдардың тумайтыны анық. Мирас та шығармашылықтан қаражаяу емес. Ол өнер өлкесінде өрімдей шағынан бойға біткен қабілеті мен шеберлігін шыңдап келеді. «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымының іріктеу кезеңінде Қостанай облысы атынан қатысқан өнерпаз бұл байқаудың жас таланттарға маңыздылығы зор екенін айтады.Байқаудың бірінші кезеңінен сүрінбей өткен өнерпаз, өкінішке қарай, келесі турға жолдама ала алмады. Дегенмен, ол оған ешбір мойымайды. Қайта, бұл кішігірім сәтсіздік болашақта өзімді қамшылай түсуге себеп болды, -  дейді. «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымына қатысқан тағы бір талант иесі – Ерболат Жазықбаев. Оның осындай вокалдық байқаулардан жинаған тәжірибесі Мираспен салыстығанда, әлдеқайда көбірек. Талантымен тамсантып, дарынымен дараланған бұл жарыстың жалғыз жеңімпазы желтоқсан айының соңында анықталады. Төрт турдан тұратын «Qazaqstan дауысы» сенбі сайын сағат 20:40-та көрермен назарына жол тартады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарға таңдау жасалатын өнер бәсекесі әрбір шаңырақтың төрінде әннен шашу шашатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...