
Қостанайда көпқабатты тұрғын үй аулаларын жаңғырту жұмысы жалғасуда. Жергілікті билік бұл іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, осындай жобалар арқылы тосын оқиғалар мен қылмыстың алдын алуға, қала аудандарындағы көпқабатты үй¬лер¬¬дің тазалығы мен жай-күйін жақ¬¬сартуға ықпал ететіндігін жеткізді.ТКШ өкілдері мен полицейлер және қалалық мәслихат депутаттары бірлесіп, шаһарды шырайландыру тұрғысындағы іс-шаралардың орындалу барысын тексерді. Осы орайда олар қаладағы бірқатар тұрғын үй аулаларына барып, рейд жүргізді. Ең басты мақсат – қауіпсіздік ережелерін күшейте түсу.